Арна туралы
ULYTAU TV — Ұлытау облысының телеарнасы. Оның тарихы 1959 жылы Жезқазғанда басталған.
ULYTAU TV — Ұлытау облысының өңірлік телеарнасы. Біз Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының тыныс-тіршілігін күн сайын көрерменге жеткіземіз.
Тарихымыз
Арнаның тарихы 1959 жылы Жезқазғанда әуесқой телестудиядан басталды. Кейін ол Жезқазған телестудиясына, облыстық телерадиокомпанияға айналды, ал 1992 жылы «Дидар» бағдарламасы дүниеге келді. Бүгінгі ULYTAU TV — «Дидардың» заңды жалғасы.
Толығырақ — «Арна тарихы» бетінде.
Эфирде
- өңір жаңалықтары — қазақ және орыс тілдерінде;
- авторлық бағдарламалар мен фильмдер;
- сайттағы тікелей эфир;
- апталық эфир кестесі.