1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі! 1 ші шілдеден бастап күшіне енетін маңызы зор құжат – адам құқығы мен бостандығына, өмір сапасы мен қауіпсіз ортаны басты назарға алады.
Конституциялық реформа - мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды саяси қадам болып саналады. Аталған құжат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында, Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданды. Жаңа Конституциядан жастардың күтер үміті мол.
Ата Заңның Преамбуласында – Қазақстан халқының мың жылдық терең тарихы айқын көрініс тапқан! Айта кетейік, түзетулер Конституцияның барлық бөлімінің 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84 пайызы жаңартылған.
Жаңа Конституцияның тағы бір жаңалығы билік пен халық арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында Халық Кеңесі құрылды. Бұл – халықтың ортақ мүддесін білдіретін, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін маңызды алаң болмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


