МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ СПОРТТАҒЫ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Жезқазған қаласындағы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде мектеп лигасының жабылу салтанаты өтті. Бірнеше күнге созылған жарыста Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының оқушылары спорттың түрлі бағыттары бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Жүлделі орындар үшін екі қаланың 20 мектебінен келген оқушылар сынға түсті. Олар баскетбол, волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы, жеңіл атлетика, асық ату және президенттік көпсайыстан бақ сынады.
«1831 00:3301:00 Осы мектеп лигасы жастардың, оқушылардың спорттық қабілеттерін шыңдап, және олардың бір-бірімен қарым-қатынас достық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін ерекше алаң. Сондықтан барлықтарыңызға бүгінгі ойындарда сәттілік тілеймін.Жарыс төрінен көріне беріңіздер.Рахмет!»
— Рүстем Есмағанбетов, Жезқазған қаласы әкімінің аппарат басшысы
Жарыс барысында оқушылар жеңіс үшін бар күшін салып, спорттық шеберліктерін көрсетті. Жас спортшылардың табандылығы мен дайындығы сыналған дода қорытындысында үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«1874 / Бұл жеңіс маған өте қиын болды. Бірақ сонда да намысымды жібермедім. Біз сынып жетекшімізге алғыс айтамыз, көп нәрсе үйретті және де біз алдыға тырысамыз»
— Сұлтан Қайырбек, жеңіл атлетикадан І орын иегері
«1876 / Біз 1ші орынға ие болдық және осыған қуанышытымыз. Ең алдымен 1ші орынға біз өзіміздің алып келген сынып жетекшілерімізді қоямыз. Себебі ең бірінші бұл жеңістің нәтижесін алып келегн бізге осы ұстаздарымыз болып табылады. Және екінші орынға өзіміздің командалық ойынымызды қоямыз. Себебі осындай осындай ойында бірлік болмаса ешқандай нәтиже болмас еді. Және айта кетсе, спорт-денсаулық кепілі. Спорт болса денсаулық болады. Денсаулық болса бәрі жақсы болады»
— Ердәулет Әбісейітұлы, шағын футболдан І орын иегері
«Жақында жеңіл атлетикадан олимпиада өтті. Өкінішке қарай, мектебіміз үшінші орын алды. Бірақ ештеңе етпейді, алда әлі талай жарыс бар. Сайыс өте қиын болды. Бүгінгі жарысты ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Қуаныштымыз, баршаңызға ризамыз»
— Ақниет Бақытжанова, жеңіл атлетикадан ІІІ орын иегері
Дода жас спортшылардың қабілетін шыңдап қана қоймай, өзара достықты нығайтып, салауатты өмір салтын үлгі етуді көздеген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар оқушылардың спортқа деген ынтасын арттырып, жаңа жетістіктерге ұмтылуына жол ашады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


