Жаңалықтар

ЖАҢААРҚАДА 1,5 МЛН ҚАРАҒАЙ ЕГІЛДІ

ЖАҢААРҚАДА 1,5 МЛН ҚАРАҒАЙ ЕГІЛДІ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің жасыл белдеуін қалыптастыру жұмыстары да жүйелі жалғасуда. Аталған экологиялық шара негізінде - Жаңаарқадағы орман шаруашылығына 1 жарым млн түп қарағай егілді. Ағаш өскіндері арнайы «Ертіс орманы» резерватынан әкелінген...

Облыста – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман алқабын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында кешенді жоспар жасалған. Оған сәйкес 2030 жылға дейін жасыл желек көлемін 3,5 мың гектарға көбейту міндеті көзделген. Жаңаарқадағы Қараағаш орман шаруашылығын ұлғайту жұмыстары 2023 жылдан бері жүзеге асырылуда. «Қатал климатқа бейім қарағай көшеттері Жаңаарқа топырағын жерсініп, жетіліп кетеді»,- дейді сала мамандары.

«(Бұл ағаштар комитеттің қолдауымен Ертіс орманынан қазып алынып келді. Бұл тұқымдар бізге тегін берілді. Кешенді жоспарға сәйкес бізге 3,5 мың гектарға ағаш егу керек. Жылда әртүрлі жоспарға сәйкес ағаш егіледі. Бұл көктемде де, келесі жылы күзде де болады.)»

— Ғалым Қойшыбаев, «ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢААРҚА ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ директоры

Мұндағы - Орман шаруашылығы өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары құрылған. Аумағы 22 мың гектарға жуық. Оның орманмен көмкерілген 6 мың гектары ерекше қорғалатын аумаққа жатады. Орман қорын молайту мұндағы жабайы тіршілік иелерінің көбеюіне және аймақтың экологиясын жақсартуға да оң септігін тигізбек.

«(Осы орманда ағаштың алты түрі бар. Қайың, терек, қарағай, қаратал, клен сосын ива деген ағаш бар. Қайың, көктерек кәдімгі сосын жаңағы ива дейміз ғой сол жабайы шыққан. Ал, енді екпелері бізде осы қарағай, клен бар, сосын қараағаш бар. Мына ағаштар 24-ші жылы егілді. Бұның көлемі 286 гектар. Міне 2 жылдан асты, үшінші жылға кетіп барады.)»

— Рауан Құлжанбеков, орманшы

Ағаш егу жұмыстарына орман шаруашылығынан 7 техника, 22 қызметкер және оншақты уақытша жұмыс күші тартылған. Болашақта ағаш өскіндерін жергілікті жерде өсіру қолға алынбақ. Ол үшін Жаңаарқа кентінде 70 гектар аумаққа тұқымбақ салынып жатыр

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты