23 ТАМЫЗ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ

2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы тағайындалды. Бұл - конституциялық-құқықтық реформалардан кейін өтетін алғашқы сайлау. Құрылтай бес жылға сайланатын 145 депутаттан құралады. Олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер арқылы пропорционалды жүйемен сайланады. Партиялар үшін 5 пайыздық өту межесі сақталған. Облыста сайлауды ұйымдастыруға 6 аумақтық және 127 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өткізуге арналған күнтізбелік жоспарды бекітті. Оған сәйкес, партиялық тізімдерді ұсыну 2–13 шілде аралығында өтеді. Кандидаттарды тіркеу Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін 23 шілде сағат 18:00-ге дейін аяқталады.
«16 шілдеден кешіктірмей сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жарияланады. 2 тамызда жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін учаскелік сайлау комиссияларына береді, ал 7 тамыздан бастап сайлаушылар өздері туралы мәліметтер мен сайлаушылар тізімінде таныса алады. Сайлау алдындағы үгіт 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін және 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00.00-ге дейін жүргізілетін болады. 22 тамыз үнсіздік күні болып табылады, оның барысында сайлау алдындағы үгіт жүргізуге жол берілмейді. Дауыс беру 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыстарды санау басталады, ал сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы он күнішінде белгілейді»
— Лаура Нұрланова, Ұлытау облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


