Жаңалықтар

28 НАУРЫЗДА ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

28 НАУРЫЗДА ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде ауқымды тазалық жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда облыстың елді мекендерінде көгалдандыру, санитарлық тазарту және аумақтарды абаттандыру шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде 28 наурыз күні сағат 9:00-де жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылады. Сенбілікке дайындық аясында Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Аслан Арынов мемлекеттік органдар, банк секторы және өзге де ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол қала экологиясын жақсартуда тұрғындардың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты