«АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН! »

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін!..» Ұлы Абайдың туған күніне арналған тағылымды шара Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында да ұйымдастырылды...
Сөз бен саздың кешіне жиналғандар алдымен Абай шығармасына арналған кітап көрмесін тамашалады. Кітапханадағы тағылымды шара руханият ордасы директоры орынбасарының алғысөзімен басталды.
Шара барысында Абайдың шығармашылық әлемі кеңінен насихатталды. Қара сөздерінен үзінділер оқылды. Мұның барлығы данышпан қалдырған мол мұраны бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатын көздейді.
Әдеби кешке кітапхана оқырмандары да белсене қатысты. Олар Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, ұйымдастырушылар тарапынан Абайдың кітаптарына ие болды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


