Жаңалықтар

«АБАЙ ЖЫРЛАРЫ ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ»

«АБАЙ ЖЫРЛАРЫ   ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ»

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңін жатқа айту сайысы өтті. Рухани-танымдық байқауда білім ордасының 5-7 сынып оқушылары бақ сынады.

Сайысқа барлығы 35 оқушы қатысты. Қазылар алқасы қатысушылардың тек жаттау деңгейін емес, өлең мазмұнын тереңірек меңгеруі, дауыс ырғағы мен сахна мәдениетін де назарға алды. Сондай-ақ, оқушылар Абай шығармасын кез келген тұсынан жалғастырып айту тапсырмаларын орындап, «Сегіз аяқ» өлеңінің идеялық мәнін ашуға тырысты.

Байқауда ерекше көзге түскендердің бірі - 5-сынып оқушысы Ұлжан Жүсіпәлиева. Ол бірнеше ай бойы дайындалып, көлемді шығарманы толықтай жаттап алған. Нәтижесінде жүлделі екінші орынды иеленді.

Шара соңында үздік өнер көрсеткен оқушыларға қаржылай сыйақылар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылар мұндай байқаулар қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттырып, дана Абай қалдырған мол мұраны зерделеуге оң серпінін береді дейді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты