«АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ҚОҒАМ»

«Заң мен тәртіп!» Аталған қағидат аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Қаражал қаласы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Жәйрем кентінде - «Адал азамат – адал қоғам» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды форум өтті...
Жәйрем кенті – өңірдің өндірістік әлеуетінде өзіндік орны бар мекен. Мұнда - адал еңбек пен жауапкершілік, тәртіп пен өз ісіне деген құрмет ерекше бағаланады. «Адал азамат – адал қоғам» атауын алған форумның дәл осы Жәйрем жерінде өтуінің де өзіндік мәні бар. Форум – Қаражал қаласы әкімі Айқын Елеусізовтың алғысөзімен ашылды.
Форум қатысушылары қатарында жалынды жастар көп! Жиналғандарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оның тәуекелдерін дер шағын анықтау жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық – күнделікті өмірде байқала бермейтін шағын әрекеттерден басталандығы баса айтылды.
Форумның негізгі бағыты: интернет алаяқтығы мен дропперліктің алдын алу шаралары бойынша да өрбіді. Спикер ретінде арнайы шақырылған Заң ғылымдарының магистрі Руслан Тоқатов тақырыпты сандарды сөйлете тарқатты...
Ғаламтордағы қауіпсіздік – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе. Форум ұйымдастырушылары бұл бағыттағы жұмыстары әрі қарай да жалғасатындығын айтты.
Айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жыл басынан бері өңірде - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен цифрлық сауаттылықты арттыруды көздеген 80 нен астам іс шара ұйымдастырған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


