Қаражал қаласы

ҚАРАЖАЛДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

ҚАРАЖАЛДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

Наурызнама онкүндігі тұжырымдамасы аясындағы тағылымды шаралар жалғасын табуда. Күнтізбедегі 16 шы наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күнінде!» - өңірге қарасты Қаражал қаласында бірқатар мәдени іс шаралар өтті...

Қазыналы өлкедегі Наурыз тойы «Ата салтым – асыл қазынам» атты ұлттық дәстүр мен қолөнер салтанат құрған шарамен бастауын алды. Мұнда қазақтың: «Сүйінші сұрау», «Сырға салу», «Бата беру» сынды бірқатар салтынан шағын көріністер қойылды. Жергілікті қолөнер шеберлерінен қолынан шыққан бұйымдар көптің назарына ұсынылды...

Мерекелік шара орталық алаңдағы мерекелік концертке ұласты. Ұлттық киімде киінген өнерпаздар – ұлттық өнерді төрге шығарды.

Бұдан бөлек жұртшылыққа - Ұлттық тағамдар қойылған ақ дастархан жайылды. Осылайша қазыналы өлке – ұлттық өнер мен мәдениеттің де қазығы екендігін көрсете білді. Айта кетейік, Наурыз мерекесінің он күндігінің әр күніне өңірге қарасты қала-аудандарда арнайы іс шаралар ұйымдастырылуда.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты