Қаражал қаласы

ЖӘЙРЕМДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

ЖӘЙРЕМДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Қазыналы Қаражал өлкесінде спорттық инфрақұрылымдардың бой көтеруі мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бағдарламалар жүйелі жолға қойылған. Аталған мақсатта жуырда Жәйрем кентінде - «Ауа тіректі құрылым негізінде көпфункционалды спорт кешені» пайдалануға берілмек...

11 мыңға жуық халқы бар Жәйремде салынып жатқан көпфункционалды жаңа спорт кешені – балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуды көздейтін жоба. Нысанның жалпы аумағы – 1 667 шаршы метрді құрайды. Айта кетейік, кентте кейінгі жылдары республикалық және халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген спортшы жастардың қатары артқан.

Мұндағы құрылыс жұмыстары бүгінде 85 пайызға аяқталған. Нысанның сапалы салынуы мен жобаның жоспарлы мерзімде жүзеге асырылуы жергілікті әкімдіктің тікелей қадағалауында. Көпфункционалды спорт кешені қараша айына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты