Жаңалықтар

«АДАЛ АЗАМАТ АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ»

«АДАЛ АЗАМАТ АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ»

Кез келген қоғамда өскелең ұрпақтың білім деңгейі мен сапасына қатысты мәселе күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда бүгін қаламызда «Адал азамат:ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Ауқымды шараға ауыл мектептерінің басшылары, мұғалімдер, әдіскерлер мен ата-аналар жиналды.

200-ге жуық адамның басын қосқан семинардың өтуіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Ауыл» партиясы мен Ұлытау облысы әкімдігі ұйтқы болды. Иә, бүгінде ауыл мектептерінің деңгейін көтеру- ел болашағы үшін маңызды міндеттердің бірі. Жиынның мақсаты да сол - ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру, құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін күшейту және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру.

«0153 8 ЗВУКТАН: / Бұл басқосу ауыл мектебінің дамуы мен болашағын айқындайтын, білім мен тәрбие саласындағы маңызды ойлар мен тың бастамалар тоғысатын ерекше алаң болады деп мен ойлаймын.Ауыл мектебі ұлттың негізі. Елдің ертеңін қалыптастыратын қасиетті орда.Сондықтан оның келешегі баршамызға ортақ жауапкершілік.Бүгінгі семинарда көтерілетін мәселелер, айтылатын ұсыныстар, ортақ пікірлер ауыл мектептерінің дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдіреміз»

— Зина Ақылбекова, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Пленарлық отырыс «Білім берудің жаңа парадигмасы: құндылық, сапа және даму» тақырыбында өрбіді. Онда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылыққа негізделген білім беру тәсілдері, сондай-ақ цифрлық технологиялардың ауыл мектептеріндегі рөлі талқыланды.

Семинар барысында қатысушылар төрт секцияға бөлініп, тәжірибелік форматта өзекті мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, ауыл мектептерінде академиялық адалдықты арттыру, оқушылардың интернет пен ойындарға тәуелділігінің алдын алу, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу және халықаралық білім бағдарламаларына қатысу жолдары сөз болды.

Сондай-ақ семинарда ауыл мектептерінің түлектері мен педагогтеріне арналған халықаралық білім бағдарламалары туралы да ақпарат берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер педагогтердің тәжірибе алмасуына және ауыл мектебін дамытуға тың серпін береді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты