АДАЛ КӘСІПКЕРЛІК ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалында - өңірлік бизнес өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы рөліне арналған кеңес өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, бизнес-процестердің ашықтығын арттыру және кәсіпкерлік қызметті адал жүргізу қағидаттарын нығайту жолдарын талқылады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктері, бизнестің құқықтарын қорғау құралдары және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары қарастырылды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


