Жаңалықтар

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Бүгін облыс әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. Күн тәртібіне қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне қатысты үш сұрақ шығарылды.

Күн тәртібіне шығарылған алғашқы мәселе – Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысына қатысты тәртіптік іс. Кеңес мүшелері ұсынылған материалдармен танысып, істің мән-жайын талқылады. Қарау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды. Одан әрі Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қорытынды есебін тыңдады. Баяндамада қызметтік тәртіпті сақтау, заңбұзушылықтардың алдын алу және халық сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар сараланды.

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі баяндама жасап, есептік кезеңдегі жұмыстар, соның ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және өтініштерді талдау нәтижелері туралы айтты. Жиын соңында Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтық, айқындық және есептілік қағидаларын одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты