ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Ұлытау ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлық пен қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілерге арналған 6 консультация және 4 дәріс-семинар өткізілген. Сондай-ақ Ұлытау облысы Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы қаралды.
Бұған қоса, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріне жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы баяндады. Жергілікті атқарушы органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы да талқыланды. Оның ішінде биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы қызметі мен тәртіптік жазаларды қолдану тәжірибесіне талдау жасалды.
Әдеп жөніндегі кеңес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және әдеп нормаларын сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Негізгі басымдық – адалдық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметті қалыптастыру.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


