ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Әдеп жөніндегі кеңестің күн тәртібіне 5 мәселе шығарылды. Оның алғашқысы - Ұлытау ауданы, Мибұлақ селолық округі әкіміне қатысты тәртіптік іс болса, қалған төртеуі профилактикалық бағыттағы түсіндірме және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды көздеген ақпараттық сипаттағы жұмыстар.
Сонымен қатар, осы жиында Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясы Әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған жұмысының қорытынды есебі де тыңдалды. Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар арнайы хаттамаға енгізілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


