«ӘDILET EVENT» OPEN AIR КОНЦЕРТІ

Жезқазған қаласындағы алғашқы құрылысшылар алаңы ашық аспан астындағы ауқымды мәдени іс шараның орталығына айналды. «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен өткен «ӘDILET EVENT» концерті тұрғындар мен қала қонақтарын бір алаңға жинап, өнер мен заманауи дрон шоуды тоғыстырған тағылымды кешке ұласты.
Концерт патриоттық хореографиялық композициямен ашылды. Іс-шараға аталған партия өкілдері мен Құрылтайға кандидаттар арнайы қатысты.
Кештің көркін Қазақстан эстрадасының жарқын өкілдері Дана Кентай мен Еркеш Хасеннің өнері аша түсті. Көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер шырқалып, көрермен әрбір туындыны ыстық ықыласпен қабылдады.
Мәдени кеш заманауи дрон-шоумен қорытындыланды. Түнгі аспанда қалықтаған жүздеген дрон жарық композициялары арқылы Ұлытаудың тарихи келбеті мен елдік құндылықтарды бейнеледі. Әсерлі көрініс көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


