Жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ЖЕЗҚАЗҒАНДА

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ   ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Бүгін өңірге – «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штаб мүшелері келіп, аталған партияның алдағы Құрылтай сайлауындағы ауқымды бағдарламаларын таныстырды...

«Қуатты өңір – қуатты мемлекет!» «Әділет» партиясының сайлауалды штабының Ұлытау жұртшылығымен жүздесуі – Жезқазған Байыту фабрикасынан басталды. Жиынға кәсіпорын еңбеккерлері мен ардагерлері қатысты. Штаб мүшелері алдымен облыс орталығының ел экономикасындағы маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде көтерілген сұрақтардың дені өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін күшейту, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын арттылу бағытында болды.

Жиын барысында кәсіпорын еңбеккерлері бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Партия төрағасының орынбасары барлық саланың даму деңгейі басты назарда болатындығын айтты.

Партияның Республикалық штабы жүздесуі әрі қарай - «Kazkat» зауытының жұмысшыларымен жалғасын тапты. Кәсіпорын еңбек ұжымының алдында сөз сөйлеген спикерлер - партия бағдарламасының басым бағыты еңбек адамының әл ауқаты мен қоғам алдындағы беделін арттыруды көздейтіндігіне тоқталды.

«Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстыру аясында партия ғимаратында жұртшылықпен кездесу де өтті. Мұнда жас облыс халқының өмір сүру сапасы мәселесі жан-жақты талқыланды. Бірқатар тұрғынға партияның мүшелік билеті салтанатты жағдайда табысталды.

Штаб мүшелерінің жүздесулері «Жігер» дене шынықтыру сауықтыру кешенінде де өтті. «Әділет» партиясы 2029 жылға қарай спортпен тұрақты айналысатын азаматтардың үлесін 50 пайызға жеткізуді мақсат етуде. Бұл үшін «Саламатты шаңырақ» ұлттық бағдарламасын іске қосылмақ.

Республикалық штаб жүздесуі Жезқазған медициналық орталығында түйінделді. Дәрігерлермен болған жүздесуде әлеуметтік саладағы оң бастамалар таныстырылды.

Аталған жүздесулерде көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар партияның назарында болмақ.

Жезқазған – өндірісті өлке! Сол себепті делегация өкілдері өңірдегі өндіріс ошақтарына арнайы ат басын бұрды. Соның бірі облыс орталығындағы - «Kazkat» зауытының жұмысшыларымен өткен жүздесу.

Кәсіпорын еңбек ұжымының алдында сөз сөйлеген спикерлер - Конституция жобасының негізгі қағидаты – адам құқықтары мен бостандықтары және қауіпсіздігі екенін атап өтті.

Маңызы зор құжат арқылы жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау кепілдіктері де күшейтілмек. Бұдан бөлек Өнеркәсіп саласы үшін еңбек ұжымдарына тікелей қатысты нормалар енгізілген. Аталған өзгерістерді алға тартқан қарапайым еңбек адамдары – Конституциялық реформаларға қолдауларын білдірді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты