ӘДІЛЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Әділет саласында азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған цифрлық сервистердің аясы кеңейіп келеді. Атқарушылық іс жүргізу, нотариат, құқықтық ақпарат және зияткерлік меншікті қорғау бағыттарында бірқатар жаңа мүмкіндік енгізілген. 2025 жылғы наурыздан бері 2,5 миллионнан астам атқарушылық жазба жасалып, оның 700 мыңға жуығына азаматтар онлайн қарсылық білдірген. Ал «Тараптар кабинеті» арқылы борышкер мен өндіріп алушы іс материалдарымен танысып, атқарушылық іс жүргізудің барысын бақылап, электронды өтініш жолдай алады. Енді жүйеде жасанды интеллект көмегімен проблемалық істерді анықтау көзделіп отыр. Сонымен қатар нотариат саласын цифрландыруға бағытталған E-Notary платформасы енгізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
«1294 3ші звуктан: / Келесі маңызды бағыт - құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыру және заманауи цифрлық технологияларды құқықтық салаға енгізу. Осы бағытта іске қосылған жаңа мүмкіндіктердің бірі - «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі жасанды интеллект негізіндегі «Цифрлық көмекші» чат-боты.Аталған сервис азаматтарға заңнамаға қатысты сұрақтарын онлайн режимде қоюға және қажетті құқықтық ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 25 қаңтардан бастап зияткерлік меншік саласындағы бірқатар жаңа өзгерістер күшіне енді. Атап айтқанда, тауар белгілерін тіркеу рәсімін жеделдету мүмкіндігі енгізілді. Ақылы жеделдетілген рәсім арқылы тауар белгісін тіркеу мерзімі 3 айға дейін қысқартылуы мүмкін»
— Азамат Айнабеков, облыстық Әділет департаментінің басшысы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


