«АЙБЫН 2026» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ

Облыс орталығында Айбын–2026 әскери-патриоттық жиыны өтті. Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіріп, әскери даярлықты шыңдауға бағытталған дәстүрлі шара жайында тілші бейнематериалында...
Биылғы әскери патриоттық шараға - Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау ауданынан келген 6 команда, 90 жас сарбаз қатысты. Олар жауынгерлік дайындық пен ептілікті түрлі кезеңдер де шебер дәлелдей білді.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар пневматикалық винтовкадан дәл ату, АК-47 автоматын жылдам бөлшектеу және жинау, арқан тарту, жүзу, сондай-ақ күштік жаттығулар бойынша тартысты бәсекеде бақ сынады.
«8183 / Әр командада 15 оқушыдан. Олар өз қаласында,өз ауданында іріктеліп келген командалар.Мықтылардың мықтысы осы іріктеуге келіп қатысып жатыр.Бұл іс-шараның ең бірінші мақсаты-оқущыларды,қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақты отансүйгіштікке,елінің патриоты болуға тәрбиелеу»
— Нұрлан Ізтілеуов, облыстық «Жас сарбаз» жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы
Жас өрендер сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Олар жеңіске деген жігер мен құлшыныстарының нәтижесінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.
«8202 / Жарыс өте қызық,өйткені Айбын ол өте көп этаптардан тұрады.Өте қызықты болады.Әрбір жарыс бұл жаңа естелік,жаңа орта дегендей бізге жарыс өте қатты ұнауда.Өзім спорт және де осындай әскери жақтарды жақсы көргендіктен бұл жарысқа қатыстым. Дайындық та өте қызу болды.Соның арқасында жақсы деңгей көрсетіп жатырмыз.Енді жақсы орынды күтудеміз Алла қаласа»
— Жасмин Мұханбетқалиева, әскери-патриоттық жиын қатысушысы
«8203 / Біз наурыз айынан бастап дайындалдық. Іріктеу болды Жаңаарқа ауданында,ең мықтыларын алып жақсы дайындықпен келдік.Жарыс өте жоғары деңгейде,қарсыластар да өте мықты.Барлығы дайындалып келген жан-жақтың балалары.Бірақ біз де осал емеспіз,дайындалып келдік.Жеңеміз деген үміттеміз»
— Ердәулет Сапарғали, әскери-патриоттық жиын қатысушысы
Жарыс қорытындысында Сәтбаев қаласының командасы І орынды иеленді. Жезқазған жастары ІІ орынға тұрақтаса, Жаңаарқа ауданы құрамасы ІІІ орынды еншіледі. Айта кетейік, жеңімпаз команда өңір намысын Щучинск қаласында өтетін республикалық кезеңде қорғайтын болады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


