«АЙБЫН» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНАН ҰЛЫТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынынан Ұлытау облысының «Ұлар» командасы үлкен жетістікпен оралды. Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен әскери сайыста өңір намысын «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының 15 оқушысы қорғады. Айта кетейік, биылғы ауқымды іс шараға елімізбен қатар Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 1000 ға жуық жас патриот қатысты. Ұлытаулық жүлдегерлерді теміржол вокзалынан біздің түсірілім тобы да арнайы күтіп алды...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


