ӘЙЕЛ ОТБАСЫ БИЗНЕС ВОЛЕЙБОЛ АЛАҢЫНДАҒЫ БІРЛІК

Ұлытау облысында «Әйел. Отбасы. Бизнес» форумы аясында волейболдан достық ойыны өтті.Спорт шарасын «Respublica» партиясы мен Жезқазған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.
Спорттық шараның басты мақсаты –бірлікті нығайтуға және өңірлер арасындағы байланысты арттыруға бағытталған.Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Себебі барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды.Бұл туралы Президенттің Жолдауында да айтылған. Ал денсаулық кепілі – спорт.
Ойынға еліміздің түкпір түкпірінен келген партия өкілдерінен құралған екі команда қатысты. Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншыларәдемі ойын өрнегін көрсете білді.
«тан Ойын өте қызықты өтті. Жезқазған қаласының бірлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті таңқалдырды. Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылармен бірге допты дәл басып, командалық рухты паш еттік. Ұлытау облысы мен үшін ерекше, себебі менің әжем мен атам шахтер болған, олар өмір бойы «Қазақмыс» компаниясында еңбек етті. Осында келу мен үшін үлкен құрмет»
— Айдана ТОҒЫЗАБЕВА«Re.Women», Республикалық әйелдер қауымдастығының вице-президенті
Осылдайша Ұлытау облысындағы волейбол додасы өңірдегі бірлікті, серіктестікті көрсетуге бағытталған ерекше шара ретінде есте қалды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


