«АЙМАҚ АҚШАМЫНА» 10 ЖЫЛ!

Сәтбаев қаласының “Аймақ ақшамы” газетіне - 10 жыл! Мерейлі белесті редакция ұжымы - шығармашылық толайым табыс пен ұйымшылдықтың ерен үлгісінде атап өтті...
2016 жылдың қазан айында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінде ресми тіркеліп, Сәтбаев шаһарында жарық көрген газет - бүгінде тұтас өңірдің тыныс-тіршілігінен хабар таратып отырған белді басылым. Салтанатты шара облыс әкімі орынбасарының алғысөзімен ашылды. Бақытжан Жайлаубаев редакцияға - облыс әкімі Есет Байкеннің құттықтауын тапсырды.
Басылымның алғашқы он жылдықта жеткен жетістіктері жетерлік! Редакция тілшілері тынымсыз тірліктің нәтижесінде - бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие болған. Президент атынан Өңірдегі БАҚ өкілдеріне тұңғыш рет берілген 2 баспананың біреуі - осы ұжымның еншісінде. Газет мерейтойына - Мұхамбет Көпей, Әлихан Бәйменов бастаған қоғам қайраткерлері, Құрылтай депутаты Алмат Жөкебаев пен бір топ ел ағалары арнайы құттықтау жіберген. Сондай-ақ, Жезқазған мен Сәтбаевтың әкімдіктері де сый құрмет көрсетті. Төртінші билікте тізе қоса еңбек етіп жүрген әріптестер қауымы ақжарма лебіздерін білдірді...
Газет - жаңа заман көшіне де лайықты деңгейде ілесуде. Цифрлық технологиялардың игілігін оң мақсатта пайдаланып отырған басылым сайты да тұрақты жұмыс істеуде. Ұжым жетекшісі - қуанышты бөліскендерге алғысын айтты.
Иә, әлеуметтік желідегі жел сөзден - газет бетіндегі ел сөзі қашан да қадірлі! Оқырманға жеткізер жағымды жаңалықтарыңыз көп болғай, ардақты әріптестер!
Мұқағали Сейтқазы, Медетхан Кенжалиев, “ҰЛЫТАУ” телеарнасы P.S. Табақ әкеліп жатқан, столда ет бар пландар мүлде қажет емес. Нұрталап осыған ролик жасады. Соны да алып салсаң.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


