АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУЫ

Көктем – мерекеге толы мезгіл. Соның бірі һәм бірегейі: – «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні». Аталған мейрамға орай Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жылдағы дәстүр бойынша нәзік жандылар қауымына құрмет көрсетті...
«Байқоңыр» мейрамханасында жайылған мерекелік дастарханға – өндірісті өлкенің дамуына әр салада үлес қосып жүрген белсенді қыз-келіншектер мен алтын құрсақты аналар шақырылған. Олардың қатарында медицина саласының мамандары, ұстаздар, құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандар мен қарапайым жұмысшы маман иелері бар.
Ұлытау облысы халқының 51 пайызы әйелдер қауымынан. Сонымен қатар, біздің өңірдегі нәзік жандылардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрайды. Бұл - республикадағы жоғары көрсеткіштің қатарында. Аймақ басшысының мерекелік жиынына шақырылған нәзік жандыларға арнайы сый құрмет көрсетілді.
Дастархан басындағы емен-жарқын жүздесудің форматы еркін болды. Әуелете ән шырқалды, жарасымды әзіл-қалжың айтылды. Іс шарада қазақ эстрадасының жарқын өкілі Құрмаш Маханов пен белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров өнер көрсетті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


