Жаңалықтар

АЙМАҚТА АЛТЫН ӨНДІРУ САЛАСЫ АЙРЫҚША ҚАРҚЫН АЛДЫ

АЙМАҚТА   АЛТЫН ӨНДІРУ САЛАСЫ АЙРЫҚША ҚАРҚЫН АЛДЫ

Облыс әкімі Дастан Рыспеков - Ұлытау ауданындағы Үшшоқы кен орнын игерумен айналысатын алтын өндіруші кәсіпорын жұмысымен танысты. Өткен 2025 жылы - жылына 72 мың тонна кен өңдеуге қуатты жаңа флотациялық байыту технологиялық желісін іске қосқан кәсіпорын тынысы өңірдегі өндіріс саласына айрықша серпін беруде...

Тарихы тереңдегі Үшшоқы кен орнында бүгінде - «Basgold» ЖШС жер қойнауынан кен өндіру жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпорында кейін жылдары жаңғырту жобасы негізінде бірқатар жобалар қолға алынған. Соның нәтижесінде биылғы өндіріс көлемі құрамында 2 880 келі алтын мен 6 650 келі күміс бар 224 мың тонна кенге дейін жеткен.

-(Біздің компания – алтын өндірісі процесін толықтай атқарып отыр. Жерастынан алынған алтынды өз кәсіпорындарымызда өндеуден өткіземіз. Осылайша, облыстың экономикалық дамуына үлес қосудамыз. Компаниямызда жүзеге асырылып жатқан жобаларды аймақ басшысына таныстырудамыз.) Сонымен қатар кәсіпорын - жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жылына 350 мың тонна өнім өңдейтін бұрғылау-сұрыптау кешенін іске қосуды жоспарлауда. Бұл жоба Президент ұсынған Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылмақ. Компания – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де баса назар аударады. Салықтық төлемге де салғырт қарамайды...

«(Компанияда 350 ге жуық адам еңбек етеді. Біз жергілікті мамандарға басымдық береміз. Орташа жалақы мөлшері жобамен 450 мыңның шамасында. Салықтық міндеттемелерге келсек, өткен 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы тоқсанында бюджетке 2-3 млрд теңге көлемінде салық төледік.)»

— Ақылжан Карипбаев, «Basgold» ЖШС атқарушы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары

Сапар барысында өңір басшысы алтын өндіру үдерісін бақылап, кен өндіру саласындағы жұмыстарға жасанды интеллект арқылы қолдау көрсететін робот-иттің қызметімен де танысты.

Сондай-ақ, аумақта салынған әкімшілік-тұрмыстық кешенді аралап, қызметкерлерге жасалған жағдайды бағамдады. Сапар қортындысында Дастан Рыспеков - кәсіпорын ұжымына сәттілік тілеп, ең бастысы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты