Жаңалықтар

АЙМАҚТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ

АЙМАҚТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ

Ұлытау облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев келді. Сапар аясында облыс әкімдігінде өңірлік кеңес отырысы өтіп, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды.

Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кәсіпкерлікті қолдау тетіктері талқыланды. Қанат Шарлапаев Ұлытау облысының кәсіпкерлік әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, әсіресе ауыл шаруашылығы мен логистика салаларын дамытуға басымдық беру қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру - негізгі міндеттердің бірі екені айтылды.

«0606 ПЕРЕВОД:Бұл өңірдің ерекшелігін жақсы түсінеміз. Жалпы өңірлік өнімнің басым бөлігі «Қазақмысқа» тиесілі. Сондықтан экономиканы әртараптандыру мәселесі мұнда аса маңызды. Қазір ет бағытындағы мал шаруашылығы жобалары қолға алынып жатыр. Сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық бастамалар да кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қарағанды–Жезқазған автожолының құрылысы басталды, нәтижесі де бар. Мойынты–Қызылжар теміржол желісі салынып жатыр. Бұл өз кезегінде өңірдің логистикалық әлеуетіна рттыруға мүмкіндік береді»

— Қанат Шарлапаев, ҚР «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы

Кездесуде инфрақұрылымдық жобаларға да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан Бейнеу-Сексеуіл автожолының құрылысы сөз болды. Жоба Қарағанды мен Маңғыстау облыстары арасындағы көлік қатынасын жақсартып, инвестиция тартуға жола шады. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, өңір экономикасының дамуына серпін береді деп күтілуде.

«0606 ПЕРЕВОД: Инвестор дегенде біз көбіне ірі шетелдік компанияларды елестетеміз. Алайда кез келген кәсіпкер - инвестор. Ол өз қаражатын салып, өндіріс ашып, жұмыс орындарын құрады. Осы бағытта «Атамекен» жанынан инвесторларды қолдауға арналған арнайы департамент құру жоспарланып отыр. Жалпы, жергілікті атқарушы органдар бизнес бастамаларға кедергі келтірмейді, керісінше, қолдау көрсетуге мүдделі. Өйткені олардың басты міндеті – жаңа жұмыс орындарын ашу»

— Қанат Шарлапаев, ҚР «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы

Сонымен қатар, жиында «Іскер аймақ» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Ұлытау облыстық өңірлік кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің тұрақты даму жөніндегі басшысы Сәкен Шаяхметов тағайындалды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты