АЙМАҚТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТУДА

Өткен 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі құрылыс жұмысының көлемі 191,5 млрд теңгені құрап, 2024 ші жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі - 129,7 пайызға артқан. Бұл жөнінде бүгін - Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ринат Алматовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды...
Бұдан бөлек биылғы жылдың алғашқы 3 айының қортындысында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 26,5 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінімен салыстырғанда 210,3 пайызға оң көрсеткіш тіркелген. Әсіресе, тұрғын үй құрылысының даму деңгейі жоғары...
-(2025 жылдың қорытындысы бойынша 109,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген. Ағымдағы жылдың жоспары 111,4 мың шаршы метрді құрайды. Бұл енді өсім - 101,4% болады. Тұрғын үй құрылысы бойынша - 4,0 млрд. теңге сомасында МБҚ қаражаты есебінен жалпы Жезқазған қаласында ауданы 25,8 мың шаршы метр 270 пәтерлік 3 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы іске асырылуда қазіргі таңда.) Сондай-ақ өңірге қарасты қала-аудандарда салынып жатқан нысандардың да саны артуда. Мәселен, Жезқазғанда жаңа Батыс шағын ауданы бой көтерсе, Қаражалда инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым жаңғыртылуда. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар салу жұмыстары да назардан тыс қалмаған.
-(Әлеуметтік нысандарды салу бойынша - Жалпы биыл 11 жоба іске асырылуда оның 8-і өтпелі. Сонымен қатар, қаржыландыру мәселесі шешмін тапқан жағдайда құны 57 млрд.тг. құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарланған.) Әрі қарай брифинг сұрақ-жауап форматында жалғасын тапты. Жергілік БАҚ өкілдері тарапынан облыс орталығындағы автодрон құрылысы, қала келбетіне кері әсер беріп тұрған ескі үйлерді сүру бағдарламасы сынды өзекті мәселер көтерілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


