АЙМАҚТАҒЫ ДІНИ АХУАЛ

Облыстық дін істері басқармасы негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Олар – ақпараттық-түсіндіру, қарсы насихат және оңалту шаралары. 2025 жылы бұл бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі қандай? Бұл туралы Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Дін істері басқармасының басшысы Дулат Тулегенов мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 60 адамы бар дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсiндiру топтары кешендi жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті.
Жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр деген басқарма басшысы Ұлытау облысында әлеуметтік желілерде деструктивті діни насихат жүргізетін топтарға тіркелген 19 714 аккаунт анықталып, олармен жұмыстар жүргізілді деді. Сондай-ақ 12% өкіл дәстүрлі ислам бағытына бет бұрса, 19% Қазақстан қоғамының негізгі құндылықтарына бейімделген екен.
Түсіндіру іс-шаралары №62 түзету мекемесінде де тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Кадрларды дайындау мәселесі де күн тәртібінде.Қазіргі таңда 5 студент «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алуда. Сонымен қатар, тағы 3 студент Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы облыстық мешіттің қолдауымен діни білім алып жатыр.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


