АЙМАҚТАҒЫ МАУСЫМАШАР АЛАМАН

Аймақтағы маусымашар аламан! Талап ауылында - Жезқазған қаласы әкімінің кубогына арналған дәстүрлі бәйге өтті.
Жезқазған қаласы әкімдігі мен Ұлытау облысының «Бәйге» федерациясы бірлесе ұйымдастарған аламанға – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облысынан 120 дан астам тұлпар қатысты. Жер тарпыған жүйріктер – тай, құнан жарысы мен топ және аламан бәйге бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жезқазған қаласы әкімдігі атынан қомақты қаржылай сыйақылар және грамоталармен марапатталды. Топ бәйгеде топ жарған жаңаарқалық сәйгүлік иесі – аламанның жоғары деңгейде өткіздігін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Иә, Ұлытау облысының құрылуымен «Бәйге» федерациясы мен ұлттық спорт жанашырларының жұмысы да жандана түсуде. Маусымашарда додада топ жарған жүйріктер республикалық деңдейдегі аламандарға жолдама алды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


