ӘКЕ ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

Облыс орталығында «Әке өнегесі – ұрпақ тәрбиесі» атты әкелер форумы өтті. Жиында әкенің отбасындағы рөлі, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.
Әке тәрбиесі - саналы ұрпақ қалыптастырудың маңызды негізі. Форумның басты мақсаты - әке мәртебесін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу. Іс-шара Серке Қожамқұлов атындағы театр ұжымы дайындаған тақырып аясындағы қойылыммен басталды. Басқосуда бала бойына адалдық, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңірудің маңыздылығы кеңінен айтылды.
Форум аясында арнайы диалог алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар әке мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас, ұлттық тәрбие және мектеп пен отбасы байланысын нығайту мәселелерін талқылады.
Шара соңында ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, қоғамда белсенділік танытып жүрген әкелерге сыйлықтар табыс етілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


