Жаңалықтар

ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ

ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ

Облыс тұрғындарына әкімшілік айыппұлдарға қатысты рақымшылық жасау тәртібі түсіндірілді. 2026 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енген заңға сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтар мен кәсіпкерлер орындалмаған айыппұлдардан босатылуы мүмкін. Алайда салық бойынша негізгі берешек есептен шығарылмайды. Сондай-ақ салық төлеуден жалтару, салық салу объектілерін жасыру және сот тағайындаған әкімшілік жазалар рақымшылыққа жатпайды. Заңның негізгі талаптары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте кеңінен тарқатылды.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275-бабында көзделген – салық есептілігінде көрсетуге жататын салық салу объектілерін және өзге де мүлікті жасыру бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар рақымшылыққа жатпайды. Сондай-ақ 277-бапта көзделген – есептелген немесе есептелген сомаларды және бюджетке төленуге тиіс басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ 278-бапта көзделген – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын төмендету бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарға рақымшылық қолданылмайды»

— Сырым Бижаксин, Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы бөлімінің басшысы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты