АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР

«Абайлаңыз, интернет-алаяқтық!» Бұл жөнінде бүгін Жезқазған қаласы Полиция басқармасының Тергеу бөлімі бастығының орынбасары Азамат Төлеубаевтың қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберіндегі ақпараттық сипаттағы шарада ғаламтор алаяқтығының алдын алу бағытындағы жұмыстар баян етілді.
«( Егер сіз абайсызда алаяқтарға ақша аударған болсаңыз, уақытты жоғалтпай Дереу банкке хабарласып, картаны және банк қосымшасына кіруді бұғаттату қажет. Сондай-ақ, шұғыл полицияға хабарласу қажет. Хаабарламаларды, телефон нөмірлерін, сілтемелерді, дауыстық хабарларды және банктік чектерін өшіріп алмаңыз. Бұл мәліметтердің барлығы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін маңызды болуы мүмкін. Ең бастысы, ғаламтордағы әр қадамға жауапкершілікпен және сақтықпен қарау.)»
— Азамат Төлеубаев, Жезқазған қаласы ПБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


