Жаңалықтар

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР

Заман және заманауи құрылғылар дамыған сайын, ғаламтор-алаяқтығының да жаңа тәсілдері белең алып келеді. Оған қарсы күрес аясында Бас прокуратура іске қосқан «Антиколл-орталық» жобасы нақты нәтиже көрсетуде. Бүгінде 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталып, 12 шетелдік алаяқтық колл-орталығының қызметі бақылауға алынды. Сонымен қатар 114 заңсыз несие рәсімдеу әрекетінің жолы кесіліп, 250 миллион теңгеден астам қаржылық шығынның алдын алу мүмкін болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде интернет-алаяқтық қылмыстары кейінгі үш жылда алғаш рет 11 пайызға төмендеген. Аталған ретте Жезқазған қаласының прокуратурасы тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты