АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

«Құқықтық патруль» жобасы шеңберінде облыстық прокуратура, полиция және әкімдік өкілдері медицина саласы қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында құқық қорғау органдары алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін атап өтіп, одан сақтану жолдарын түсіндірді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалалық поликлиника және облыстық көпсалалы ауруханада өткізілді. Шара барысында мамандар алаяқтықтың - қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін айтып, дропперлік, интернет алаяқтық сынды ең көп кездесетін түрлеріне тоқталды. Әсіресе алаяқтар өздерін банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органдары өкілдері ретінде көрсетіп, адамдардың сеніміне ие болатыны жайында кеңінен түсіндірілді.
Медицина қызметкерлері өз кезегінде осындай кездесулердің маңызды екенін және алынған ақпараттың алаяқтық әрекеттерін уақытында тануға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Алдағы уақытта аймақта «Құқықтық патруль» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып, әртүрлі санаттағы тұрғындарды қамтитын болады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


