Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

Өңірде - әлеуметтік кәсіпкерлік жаңа деңгейге көтерілуде. «MamaRada» білім беру жобасы арқылы бастауын алған «Tanymal» академиясы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалының қолдауымен өз жұмысын облыс орталығында да өркендетуде. Бұған дейін аталған академия Сәтбаев қаласында жемісті еңбек етіп, балалардың сапалы білім алуы бағытында белсенділік танытқан...

Академия 4 пен 12 жас аралығындағы балаларды жеке қабілеттерін дамыту бойынша қабылдайды. 2019 жылы Сәтбаев қаласында қолға алынған жоба – аз ғана уақытта аймақтағы білім беру бағытындағы іргелі алаңға айналды. Жоба жетекшісінің айтуынша: Мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларға баса назар аударылады...

-(Біздің жобамызға биыл – 7 жыл! Осы уақыт аралығында академияда 500 ге жуық бала білім алды. Біздің бағыт – әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты! Яғни, қоғам үшін аса қажетті сала. Осы ретте, Әлеуметтік бағдарламаларымызға қолдау білдірген облыс әкімдігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына айрықша алғысымды айтқым келеді!) Әлеуметтік жобамен - Облыс әкімінің кәсіпкерлерді қолдауға арналған грантының иегері атанған Жұлдыз Рахымбекова – орталығын балаларды заманауи тұрғыда оқытуға арналған құрал жабдықтармен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, оқытушылардың да саны артқан. Қазіргі таңда қос қаладағы филиалда 60 тан аса бала ілім теруде.

-(Мен жергілікті кәсіпкерлерді әлеуметтік жобаларда да еңбек етуге шақырамын. Себебі, бұл қоғамдық дамудың көрінісі және патриотизмнің белгісі. Әрине, әлеуметтік жобаға мемлекеттің де қамқорлығы айрықша болады. Аталған саладағы ауқымды жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра беремін!) Айта кетейік, Жұлдыз Рахымбекованың білім орталығы 2024 жылы республикалық «Ару Ана» үздік әйелдер жобасы байқауында «Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба» аталымында жеңімпаз атанған!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты