Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Елімізде әр азаматтың құқығы мен бостандығы заңмен қорғалған. Әсіресе әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың мүддесін қорғау - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл санатқа мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар, аз қамтылған азаматтар мен ардагерлер жатады.

Ата заңға сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы заң алдында тең. Сондықтан жасына, денсаулық жағдайына немесе әлеуметтік мәртебесіне байланысты ешкімнің құқығы шектелмеуі тиіс. Бүгінде мемлекет әлеуметтік осал топтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар қолдау шараларын жүзеге асыруда.Мәселен, мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға басымдық берілсе, зейнеткерлерге әлеуметтік және медициналық қолдау көрсету шаралары қарастырылған. Ал жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларға білім алу және әлеуметтік бейімделу бағытында кешенді көмек көрсетіледі.

«0988 / Тағы бір тоқталып кететін жай ол көпбалалы немесе толық емес жанұялар. Олар мемлекет қамқорлығында болады. Олар түрлі әлеуметтік төлемдер мен қолдау шараларын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет балалардың сапалы білім алу, дені сау болып өсуіне жағдай жасайды. Әлеуметтік осал топтарды қорғау- бұл жай ғана көмек көрсету емес,бұл әр адамның қадір қасиетін құрметтеу және оның құқықтарын қамтамасыз ету. Өйткені мүгедектігі бар адамдар да,зейнеткерлер де,көпбалалы ата-аналар да қоғамның толыққанды мүшелері болып табылады»

— Аманжол Каримов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілі

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік осал топтардың құқықтарын сақтау - қоғамдағы әділдік пен теңдіктің маңызды көрсеткіші. Сондықтан кемсітушілікке жол бермеу, қолжетімді орта қалыптастыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік жасау - баршаға ортақ міндет.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты