ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Құрмет биігінде – әлеуметтік сала қызметкерлері! Жезқазған қаласының әкімдігінде аталған сала өкілдері мен ардагерлеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, ұзақ жылдар бойы адал еңбектің ерен үлгісін көрсетіп жүрген жандарға түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді.
Бүгінгі қоғамда – Әлеуметтік сала қызметкерлерінің рольі мен беделі және оларға жүктелген міндет жауапты! Қамқорлықсыз қалған қарттарға, ерекше балалар мен басқа да азаматтардың мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын мейірбан жандардың жұмысын қала әкімінің міндетін атқарушы Ербол Құсайынов айрықша атап өтті.
Бұл күні сала үздіктеріне - «Еңбек ардагері» төсбелгісі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хаттары берілді. Марапат алғандардың бірі: осы салада 40 жыл табан аудармастан тер төккен - Майра Сатқанғұлова.
Жиын барысында аталған салада атқарылып жатқан жұмыстар да тілге тиек етілді. Әлеуметтің – әлеуметтік ахуалына үн қосып жүрген маман иелері – өз қызметімізге қашан да асқан жауапкершілікпен қараймыз деді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


