Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

Өңірде халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Аталған бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынып, өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте кеңінен баян етілді.

Салалық басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері облыстағы мансап орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркелген 3 368 азамат жүгініп, Оның 2 822-сі тұрақты жұмысқа орналастырылған. Қазіргі таңда өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызды құрайды. Тұрғындардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттыру мақсатында кәсіптік даярлау және қайта оқыту бағдарламалары да жалғасып келеді. Биыл қысқа мерзімді оқыту курстарымен 100 адамды қамту жоспарланса, тағы 25 тұрғын жұмыс берушілердің базасында тікелей тәжірибеден өтуде. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы аясында 139 азамат кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, жеке кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы тұрғындарға қолдау көрсету мәселесіне де ерекше назар аударылуда.

Маңызды бағыттардың бірі - ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы. Биыл Ұлытау облысына 125 адам немесе 28 отбасыны көшіру жоспарланған. Бүгінде өңірге 21 отбасы, 87 азамат қоныс аударып үлгерді. Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары ұсынылады.

«9646 04;28-05;23 перевод:Айта кету керек, 1 шілдеден бастап ережелерге өзгерістер енгізіледі. Енді қоныс аударуға берілетін субсидияны алу үшін азамат кемінде 3 ай жұмыс істеп, сол жұмыс орнынан зейнетақы аударымдары жасалуы қажет. Ал тұрғын үйді жалдау шығындарын өтеу үшін кемінде 6 ай еңбек өтілі талап етіледі. Баспана сатып алуға арналған сертификат алу үшін азаматтың жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс»

— Құрмет Саттыбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Сонымен қатар өңірде ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Биыл әлеуметтік инфрақұрылымның 181 нысанын бейімдеу жоспарланған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар 129 нысанда аяқталды. Бұл тұрғындардың мемлекеттік және қоғамдық қызметтерге барынша қолайлы әрі тең дәрежеде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты