АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ 1

Биылғы оқу жылында Ұлытау облысында 4000 аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Ал, оқу жылы қарсаңында аймақта бірқатар білім ордасы күрделі жөндеуден өтті.
Білімнің бәйтерегіне баланатын Жезқазғандағы №8 гимназияда өткен Алғашқы қоңырау салтанаты «Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақыбырында өтті.
Құшақтары гүлге, жанарлары нұрға толы ұстаздар қауымын айшықты күнмен облыстық білім басқармасы басшысының міндітен атқарушы Маратбек Төребеков құттықтап, саладағы оң жаңалықтарға тоқталды.
Гимназия жаңа оқу жылында 1 ші сыныпқа 125 баланы қабылдады. Әліппемен алғаш танысатын бүлдіршіндер тақпақ айтып, терең білімге деген құштарлықтарын танытты.
1600 ға жуық оқушы ілім теретін мектеп өткен оқу маусымын жоғары жетістіктермен қорытындылаған. Мектеп директоры жаңа оқу жылына да сақадай саймыз деді. Күрделі жөндеуден өткен ғимарат іші жаңаша кейіпге енген...
Алғашқы қоңырау салтанаты оқушылар мен мұғалімдер қауымымен қатар, ата-аналар үшін де айрықша оқиға...
Салтанатты шара бірыңғай тәрбие және сынып сағаттарымен жалғасын тапты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


