АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ 2

Қаламыздағы №26 мектеп-гимназиясында да алғашқы қоңырау үні естіліп, мектеп ауласы оқушылар мен ата-аналарға толды. Ұстаздар қауымы шәкірттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға «Қазақмыс корпорациясы» жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Төлеген Бүкіров арнайы қатысты.
«03570 ХРОН: // Оқушыларға сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып, мақтанышы болып ұстаздарыңның тілеймін. Ұстаздарға келешекте осы мектептен түлеп ұшқан жастарды өмір бойы мақтаныш тұтатын болсын...... деймін деген жерге дейін»
— Төлеген Бүкіров, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Биыл гимназия табалдырығын 82 оқушы аттады. Ал 52 оқушы үшін бұл оқу жылы мектептегі соңғы белес болғалы тұр. 11-сынып түлектері алдағы уақытта ҰБТ-ге қарқынды дайындалмақ.
«03596 ХРОН: // Өткен жылы «The Ulytau Educational Foundation» бағдарламасының арқасында Ұлыбританияда білім алып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алдым. 9-сынып оқушыларына да осы бағдарламаға қатысып, ұмытылмас тәжірибе жинақтауға кеңес беремін. 11-сынып түлектеріне ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, қалаған оқу орындарына түсулеріне тілектеспін. Ал мектеп жолын енді бастаған бірінші сынып оқушыларына тек сәттілік, ата-аналар мен ұстаздарға сабыр тілеймін»
— Аделина Нысанбаева, Жезқазған қаласындағы №26 гимназияның 11 «А» сынып оқушысы
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің жаңа ортаға бейімделуінде алғашқы ұстаздың орны ерекше. Себебі баланың мектептегі алғашқы қадамы, қалам ұстап үйренуі мен әріп тануы, білімге деген қызығушылығы мен өзіне деген сенімі ең алдымен мұғалімнен басталады. Сондықтан бұл күн бірінші сынып жетекшілері үшін де аса жауапты сәт.
«03605 ХРОН: // Жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Балаларға сабақта және шығармашылықта үлкен жетістіктерге жетіп, өздерін барлық жерде, әр істе жақсы қырынан танытуларына тілектеспін. Ал ата-аналарға сабыр мен зор денсаулық тілеймін»
— Татьяна Панина, Жезқазған қаласындағы №26 гимназияның мұғалімі
Бұл күнді ерекше толқыныспен қарсы алғандардың қатарында ата-аналар да бар. Әсіресе, баласын алғаш рет мектепке жетектеп келгендер үшін 1 қыркүйектің орны бөлек.
«03598 ХРОН: // Мен бірінші сынып оқушысының анасымын. Барлық бірінші сынып оқушыларына сабақты жақсы оқып, білім алуда табысқа жетулерін, қиындыққа мойымауларын тілеймін. Ата-аналарға да сабыр тілеймін. Ал 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ны жақсы тапсырып, қалаған оқу орындарына түсулерін және оқуда үлкен жетістіктерге жетулеріне тиілекшімін»
— Светлана Жевжик, ата-ана
Осылайша, №26 гимназияда жазғы тыныштықтан кейін мектеп өмірі қайта жанданды. Бірі білім әлеміне алғаш қадам басса, енді бірі маңызды белестерді бағындыруға дайын. Алда жаңа оқу жылының талай қызығы мен жауапты сәттері күтіп тұр. Ең бастысы, әр оқушының білім жолы сәтті басталып, жаңа оқу жылы толағай жетістіктерге толы болсын.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


