Жаңалықтар

«АЛҒЫС – ЖҮРЕКТЕН, БІРЛІК – ЕЛДІКТЕН»

«АЛҒЫС – ЖҮРЕКТЕН, БІРЛІК – ЕЛДІКТЕН»

«Алғыс – жүректен, бірлік – елдіктен!» Облыстық қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен аталған тақырыпта Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шарада «Аламан құрақ» байқауы қатысушыларының жарқын жетістіктері үлгі етіліп, оларға құрмет көрсетілді. Өңірімізден шыққан құрақшылар тоқыған ерекше құрақ көрпе, «КиНЭс» Қазақстан рекордтар кітабына еңгізіліп халықаралық рекордтар кітабына ұсынылды. Айрықша шара облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаевтың алғысөзімен ашылды.

Сонымен қатар, шара барысында Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың жұбайлары мен аналары да назардын тыс қалмады. Оларға сый-құрмет ретінде тазалықтың, аналық мейірім мен даналықтың белгісі – ақ орамал табысталды. Сондай-ақ, «Жомарт жан» жобасы аясында қайырымдылық іске атсалысқан жергілікті меценаттарға да - алғыс білдірілді. Одан бөлек ерекше қажеттіліктері бар үш балаға әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде сертификаттар сыйға берілді. Мерекелік кештің көркін ақсақалдардың батасы, этномәдени бірлестік өкілдерінің жүрекжарды тілектері мен шығармашылық өнер көрсетілімдері аша түсті.

Іс-шара ауызашарға арналған тарту және қасиетті Рамазан айына арналған ізгі тілектермен қорытындыланды. Бұл – мейірімділік, алғыс пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты