АЛМАЗ АСАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Облыс орталығында - бокстан ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, әскерилер арасында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, даңқты жерлесіміз Алмаз Асановты еске алуға арналған турнир республикалық турнир мәреге жетті.
200 ге жуық жасөспірім боксшы жиналған турнирдің ақтық кездесулері тартысқа толы болды. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан доданың жыл санап ауқымы кеңейіп келеді.
Жарысты өткізудегі негізгі мақсат: жасөспірімдердің бойына патриоттық тәрбиені сіңіру, салауатты өмір салтын қалыптасыру, заманында қарсылас шақ келтірмеген жерлесіміз Алмаз Ыбрахымұлының есімін жаңғыру және насихаттау.
Қысқа ғана ғұмырында 97 жекпе жек өткізіп, оның 85 ін жеңіспен аяқтаған шаршы алаң шеберінің спорттағы жетістіктері – өскелең ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз. Айта кетейік, Асановты еске алу турнирінде Ұлытау облысының құрамасы 5 алтын, 3 күміс, 6 қоламен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


