Жаңалықтар

АЛТЫН ЖЕБЕ» ТУРНИРІ

АЛТЫН ЖЕБЕ» ТУРНИРІ

Жезқазғанда мұсылман қауымы жамағаты арасында садақ атудан дәстүрлі "Алтын жебе" турнирі өтті.

«Алтын жебе» турнирі Жезқазған қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Дәстүрлі турнирдің жыл сайын ауқымы да, қатысушылар саны да артып келеді. Биылғы додағы 20 ға жуық садақ ату шебері қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Құралайды көзге атқан мергендер сайысының жеңімпазы Рахат Айтбаев атанды.

Дәстүрлі турнир келер жылы да жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылар бұл сайысты облыстық, одан кейін республикалық деңгейге дейін жеткізуді жоспарлауда.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты