Жаңалықтар

АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ!

АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ!

Он күнге жоспарланған Наурыз мерекесінің алғашқы күні – өткен сенбі 14 ші наурызда Көрісу, яғни Амал мерекесімен бастауын алды! Аталған мейрамда облыс орталығында ашық аспан астында құрылған сахнада «Көрісу — бабалардың аманаты» атты мерекелік шара өтті...

Шараның басты мақсаты – қазақ халқының көне салтының бірі саналатын Көрісу күнінің мән-маңызын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу. Мерекелік бағдарлама ұлттық дәстүрге негізделген театрландырылған көрініспен басталды. Ұлытаулықтарды жыл басымен облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова құттықтады.

Мерекелік бағдарламаның тағылымды тұсы – ақсақалдың батасы болды. Ақсақалдар жастарға ақ тілегін арнап, елдің амандығы мен берекесін тіледі. Ал, жиналған жұртшылық бір-біріне қос қолдап сәлем беріп, «Бір жасыңызбен!» деп ізгі тілектерін білдірді.

Айта кетейік, Амал мерекесіне арналған мерекелік концертті Тайжан Қалмағанбетов атындағы облыстық филормония мен облыстық әмбебап кітапхана ұжымы бірлесе ұйымдастырды!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты