«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ЖАЙЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ҚАЛЫПТАСУДА

«AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев Қабанбай батыр шағын ауданында орналасқан №12 жалпы білім беретін мектептің жұмысымен танысты. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған бұл білім ошағы «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасына енгізілген. 300 орынға арналған мектеп биылғы оқу жылында пайдалануға берілді.Қазіргі таңда 156 оқушы білім алып, 25 педагог қызмет атқаруда.Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған және «жайлы мектеп» стандартына толық сәйкес келеді. Ержан Жылқыбаев оқу кабинеттерін, STEM-зертханалар мен робототехника сыныптарын аралап, сондай-ақ спорт және акт залдарының жұмысымен танысты. Сапар барысында ол оқушылармен де еркін әңгімелесіп, олардың жетістіктері мен қабілеттеріне ерекше назар аударды.
Сапар қорытындысында партия өкілдері өңірде заманауи білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамыту, оқушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


