«АНА ДЕП КӨРКЕМ ЖЫР ТӨККЕН »

«Ана деп көркем жыр төккен, Армысың ару, нұр көктем!» Осындай атаумен Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында – 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті...
Руханият ордасында өткен мерекелік шара – өзгеше форматта өрбіді. Себебі, мұндағы кештің басты қонақтары: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ұлытаулық қаһарман қыздары! Мұнда оқылған өлең де, шырқалған ән де осы оқиғаны көзбен көріп, қайсарлықтың ерен үлгісін көрсете білген нәзік жандылар қауымына арналды...
Мерекелік шара соңында кеш меймандарына құшақ-құшақ гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, биыл Желтоқсан оқиғасына 40 жыл! Бүгінде біздің өңірде бодандықтан бостандықты көксеген тарихи оқиғаның 35 қатысушысы бар.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


