Жаңалықтар

«АНТИКОНТРАФАКТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«АНТИКОНТРАФАКТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

20 сәуір мен 15 мамыр аралығында елімізде «Антиконтрафакт» республикалық акциясы өтеді. Ауқымды акция зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтауға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы күресті насихаттауға бағытталған.

Бастама Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Аталған акция аясында депратмент өңірдің шығармашылық өкілдерімен кездесу өткізді. Семинар барысында авторларға өз құқықтарын қорғау, туындыларды тіркеу және авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік жөнінде жан-жақты түсіндірілді. Айта кетейік, 2025 жылдың 24 қарашасында зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң қабылданған болатын.

Саланы цифрландыру мақсатында бірыңғай цифрлық платформа енгізілуде. Ол авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметіндегі ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған. Платформа пайдаланушыларға жасалған шарттар туралы ақпаратқа қол жеткізуге, авторларға төленетін сыйақыларды бақылауға, сондай-ақ ұйымдардың бухгалтерлік есептілігімен танысуға мүмкіндік береді. Жүйеге қосылу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алғашқы кезеңде Ұлытау облысының телеарналары платформаға қосылды. Екінші кезеңде театрлар, кинотеатрлар және филармонияларды қосу жоспарланған. Бұл кезең 2026 жылғы 1 шілдеде басталады. Ал үшінші, қорытынды кезең 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қалған пайдаланушыларды яғни қонақ үй, мейрамханаларды қамтитын болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты