Жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібіне 2 сұрақ шығарылды.

Жиын кадрлық өгерістерден басталды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Сәтбаев қалалық ауруханасын басқарған Рустем Нысамбаев тағайындалды. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде де жаңа басшы. Бұл қызметке бұған дейін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде бас сарапшы болған Мерхат Сапаргалиев жайғасты. Өңір басшысы активке жаңа басшыларды таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Одан әрі 2026 жылдың I тоқсаны бойынша бюджеттің орындалуы және жыл соңына дейін пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының жайы күн тәртібіне шығарылды.

2026 жылы бюджеттік инвестициялық 311 жобаға 60 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның 173-і бойынша 36,6 млрд теңгеге міндеттемелер қабылданған. 2025 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 191,5 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 219,1 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Сондай-ақ, 14 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл 833 отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, 285 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Облыс әкімі Дастан Рыспеков құрылыс саласындағы оң динамиканы атап өтіп, көрсеткіштердің орындалуы мен жобалардың іске асырылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Дастан Рыспеков жауапты басқарма басышларына бүгінгі жиында талқыланған мәселелер бойынша тапсырмалар жүктеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты