Жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

«Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» және «Халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту саласындағы жұмыс жоспары». Аталған мәселелер бүгін аймақ басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен өткен аппаратық жиында күн тәртібіне шығарылды.

Өткен 2025 жылдың қаңтар-маусым айларының өзіндегі Жалпы өңірлік өнім 1 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі – 101,1%- пайыздық межені бағындырған. Ал, қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,2 пайыз. Сәйкесінше 12 айдағы инвестициялар көлемі де артып, 259,6 млрд теңгені құраған...

-(Оның ішінде 141,2 млрд теңгесі басқа кәсіпорындарға тиесілі. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге өсім байқалады. Сонымен қатар, аталған көрсеткіш бойынша өсім барлық аймақта оң динамиканы көрсетеді. Оның ішінде: Жезқазған қаласы бойынша инвестициялар – 84,1 млрд теңге.) Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Өткен жылы өңір халқының жұмыссыз деңгейі 4,1 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға оң нәтижемен төмендеген. Сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік осал тобына берілетін атаулы көмекте кедергісіз көрсетілген. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек шеңберінде облысымыздың 33 мыңға жуық тұрғынына тиісті төлемдер жүргізілген.

Жиын қорытындысында аймақ басшысы өңірде өзге де салада қолға алынған жұмыстарды ширату мақсатында салаға жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеп, Құрылыс саласы бойынша ескертпелер айтты.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер облыс әкімінің тікелей қадағалауында болмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты