Жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

«Автомобиль жолдары саласындағы жол құрылыс жұмыстарының жоспары» және «Өңір туризмінің даму деңгейі». Аталған мәселелер бүгін аймақ басшысы Дастан Рыспековтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында күн тәртібіне шығарылды…

Аппарат жиналысы облыстағы кадрлық өзгерістерді таныстырумен басталды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы болып Илхам Аметов тағайындалды. Ол бұған дейін аталған министрлікте Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарған. Ал, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Жасұлан Даулетбаев тағайындалды.

2026 жылы – облыстық бюджет есебінен 58 шақырым жол мен 2 көпірдің құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек өңірге қарасты елді мекендерде, анығырақ айтсақ: облыс орталығында - 13 көшенің, Сәтбаев қаласында - 5 көшенің, Қаражал қаласында - 10 көшенің жолы жаңартылмақ. Сонымен қатар, республикалық маңызға ие жолдарды қысқы және көктемгі кезеңде күтіп ұстау жұмыстары да жүйелі атқарылуда...

Иә, көлік жолдарының жәйі – аймақтағы өткір мәселелердің бірі. Сол себепті өңір басшысы жол саласындағы сапаны артыру мақсатында жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар міндеттеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі де 2 есеге артып, 9 млрд теңгеге жеткен. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жандана түспек...

Айта кетейік, өткен жылы Ұлытау облысына 22 мыңнан аса турист келген. Оның ішінде шет елден келгендер саны 1035 адамды құрайды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты